"Air Astana"-ға 5 күн уақыт берілді

980

"Air Astana"-ға 5 күн уақыт берілді

"Air Astana" компаниясы монополияға қарсы тексеру ісіне қатысты барлық құжаттарды табиғи монополияларды реттеу комитетіне ұсынуға тиіс. Бұл жайында ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, ақпаратты алу туралы келісім "Самұрық-Қазына" қорының жиналысында талқыланған. Ал ТМРК басшысы Серік Жұмағариннің сөзінше, әуе компанияның саяси тізімінде көрсетілмеген құжаттарға сұраныс бүгін жіберіледі. "Осыдан кейін  компанияға бес күн уақыт береміз. Ары қарай шешім шығарып, бағаларды салыстырмалы түрде есептейміз", — деді Жұмағарин.

Осыған дейін ұлттық экономика министрі "Air Astana" әуе компаниясы билеттердің өзіндік құны туралы ақпаратты беруден бас тартқанын мәлімдеген еді. Осыған байланысты компанияға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалды. Тексерісті табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті жүргізді. Олардың айтуы бойынша,  2016 жылы 7 қазанда "Эйр Астана" компаниясын тергеп-тексеруге шыққан монополияға қарсы ведомство қызметкерлерін өзінің ғимаратына өткізбей қойған

Дегенмен "Air Astana" тексеріс жұмысына ешқандай қарсылық білдірмегенін мәлімдеді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот комитет шешімін қолдап, "Эйр Астананы" ақпарат ұсынбағандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуды құптады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу