"Air Astanа" компаниясының ұшағы апатты жағдайда қонды

780

"Air Astanа" компаниясының ұшағы апатты жағдайда қонды

Қытайдың Самьян қаласында "Air Astanа" компаниясының ұшағы апатты жағдайда қонды. Бұл туралы ҚР ИДМ азаматтық авияция комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Компания мәліметі бойынша, ұшақ Қытайдың Самьян қаласындағы HAECO техникалық қызметінде С-сheck көлемінде жөндеуден өтіп, Алматыға қайту үшін көтерілгенде, шасси жиналмағанын білдіретін индикация іске қосылған. Ұшаққа көп жанармай құйылғандықтан, жерге қонуға қажетті салмаққа дейін жету үшін жанармайды әуеде жұмсау керек болыпты. Сондықтан ұшақ әуежайдың айналасында үш сағат айналып ұшып жүрген. Ұшақта екі ұшқыш және екі инженер болған.

Қазіргі кезде HAECO қызметкерлері ақауды анықтап жатыр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу