"Айтуға оңай" аяқталды

1432

"Айтуға оңай" аяқталды

Қазақстан ұлттық телеарнасында бес жыл бойы үздіксіз жалғасып келе жатқан "Айтуға оңай" ток-шоуы аяқталды, деп жазады Бейсен Құранбек фейсбуктегі парақшасында.

"Иә, "Айтуға оңай" аяқталды. Тамыздың соңына дейін қайталаулар беріледі. Сонымен бітті...Бес жылдың ішінде қоғамдағы қордаланған проблемалар, қиюы кетіп тұрған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, талайлы тағдырлар туралы айтудай-ақ қайттық. Жәй ғана айтып қоймай, қолдан келгенше сүрінгенге-сүйеу, жығылғанға - жастық болдық.

Осылай жалғастыра берсек те болатын еді. Қалыптасқан, елдің көңілінен орын тапқан бренд, форматты ары қарай да қолдана беруге болатын еді. Бірақ әр нәрсенің уақыты бар, әр нәрсенің өлшемі бар. Одан кейін қайталау, ұсақталу, кері кету басталатыны белгілі.

Жеке өзім үшін де бұл шешім оңайға түскен жоқ. Құдай өмір берсе сағынышпен ескен алатын бір кезең артта қалып барады. Мен үшін "АЙТУҒА ОҢАЙ" үйрену, өсу, қызмет ету мектебі болды. Көп нәрсе жазғым келеді. Ол енді мақтандай қабылдануы мүмкін екенін ескеріп, қоя-қойған жөн болар:)

Бірақ бүгін бір нәрсе айтылуы тиіс. Ол - АЛҒЫС!" - дей келе, Бейсен Құранбек жобаны өмірге әкеп, бізге сенім артқан, қолдау білдірген, атсалысқандардың бәріне алғысын білдірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу