"Ақтөбе-мақат" автожолы 240 млн долларға жөнделеді

675

 "Ақтөбе-мақат" автожолы 240 млн долларға жөнделеді

Және соңғы ақпарат. "Ақтөбе-Мақат" автожолы 240 млн долларға жөнделеді. Бұл қаржыны еліміз Азия даму банкінен қарызға алды. Осылайша, аталмыш қаражат тұтастай 299 шақырымды қамтитын күре жолға жұмсалмақ. Айта кетейік, бұл жоба мемлекет аралық және сауда-саттық қарым-қатынасында үлкен маңыздылыққа ие. Себебі, аталған аумақ Орталық-Батыс дәлізіне кіретін Ақтөбе-Атырау-Ресей федерациясы шекарасына жатады. Жоба ісі аяқталған соң, Қытай, Ресей және Оңтүстік-Шығыс Азия елдер нарығына шығуға мүмкіндік мол.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі:

"00,14 Келесі участіктер бойынша біз ратификациямен парламентке екі айдың ішінде кіретін боламыз. Осы жылдың соңына дейін, құжаттардың бәрі дайын болады. Құрылыс жұмыстары осы жылдың 3-ші 4-ші кварталында басталады деп жоспарлап отырмыз. Бағасы жобалау құжаттарға сәйкес. Қымбат емес. Қазақстанда екінші санатты жолдардың бағалары осылай болады."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу