"Алатау" ИТП Алматы әкімдігіне беріледі

1062

"Алатау" ИТП Алматы әкімдігіне беріледі

Бүгін ҚР үкіметінің баспасөз орталығындағы брифингте инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев  "Алатау" инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы қала әкімдігіне берілетінін айтты, деп хабарлайды  primeminister.kz.

Инновациялық кəсіпорындарға арналған жеңілдетілген режимдер жұмыс істейтін АЭА үкімет шешімімен тікелей Алматы қаласының әкімдігіне беріледі. Ол жоғары технологиялық өндіріс бағыттарының санын кеңейтумен айналысады.

"Өз кезегінде, АЭА басқарушы компаниясы – ИТП дербес кластерлік қоры – ҚР ИДМ қарамағынан ҚР АКМ-ға ауысады. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басты үйлестіруші органы болғандықтан осындай шешім қабылданды. Себебі ИТП аясында жүзеге асырылатын жобалардың 80% экономиканы цифрландырумен және цифрлық экспортпен тікелей байланысты", - деді Тимур Тоқтабаев.

Бұл "Экспо-2017" базасында АТ-стартаптардың халықаралық технопаркін тиімді қалыптастыруға әрі жалпы ақпарат және коммуникациялар саласын дамыту үшін "ИТП" АКТ-нің атқарылған жұмыстары мен технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді.

Мәлімделген деректерге сәйкес 2015–2017 жылдары жер қойнауын пайдаланушылардан "Алатау" ИТП АЭА-ға тартылған қаражат 3,5 млрд теңгеден асты (барлығы 35 компания). 2,6 млрд теңгеге 64 жоба қаржыландырылды. Соның ішінде 2015 жылы - 5 жоба (21,4 млн теңге), 2016 жылы — 27 жоба (856 млн теңге), 2017 жылы — шамамен 32 жоба (1,7 млрд теңгеден астам).

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Тимур Тоқтабаев министрлік қарамағынан әкімдікке өткізу кезінде қызметкерлер жұмыстан қысқартылмайтынын атап өтті. Сонымен қатар қазіргі таңда АЭА-ның екінші кезеңі дамып жатыр және оның одан әрі кеңеюі қызметкерлер санының артуына жол ашады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу