"Әлем барысына" іріктеу турнирі өтті

921

"Әлем барысына" іріктеу турнирі өтті

Бесқарағай ауданында "Әлем барысына" іріктеу турнирі өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 40 балуан абсолютті салмақ дәрежесі бойынша өзара сынға түсіп, байрақты бәсекеге берілетін жолдамаларды сарапқа салды, деп хабарлайды didar-gazeti.kz.
Белдескен балуандардың қатарында "Қазақстан барысы" атанған Руслан Әбдіразақов пен Мұхит Тұрсынов та бар. 
"Жарыс пен оған қатысушылардың деңгейі жылдан-жылға өсіп келеді. Мәселен, бүгінгі бәсекеге іріктелген балуандардың салмақтары әртүрлі болғанымен, боз кілемдегі белдесулер аса тартысты, тең дәрежеде өтті. Жігіттердің шеберліктері айтарлықтай шыңдалғаны көрініп тұр", – дейді еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шыңғыс Тұрсынов.
Іріктеу сынының қорытындысы бойынша "Қазақстан барысы-2014" додасының жеңімпазы Мұхит Тұрсынов болды. Ол ақтық белдесуде астаналық Айбат Сейтеннен басым түсіп, түйе балуан атағын жеңіп алды. Екінші орынды 106 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан Айбат Сейтен иеленді. Жарыстың үздік үштігін Маңғыстаудан келген Нұрдәулет Жарылғапов пен алматылық Руслан Әбдіразақов түйіндеді. Іріктеу сынының жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу