"Әлеуметтік тақырыптағы үздік кітап авторы" анықталды

1073

 "Әлеуметтік тақырыптағы үздік кітап авторы" анықталды

Бүгін Алматыда "Алтын қалам 2018" әдеби жүлдесі табысталды. Биыл байқауға жаңа аталымдар енгізілген, деп хабарлайды Today.kz.
"Алтын қалам" әдеби бәйгесі 2009 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Ұйымдастырушылардың қатарында саясаттанушылар Досым Сәтбаев, Расул Жұмалы, Айдос Сарым, PR маман Қуат Домбай, тележүргізуші Кенже Жұманұлы, журналист Нұржан Жалауқызы бар. 
Осы байқауда "Қазақстан" РТРК акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Ерлан Қарин мен Джейкобс Зенн бірігіп жазған "Между ИГИЛ и Аль-Каидой: Центральноазиатские боевики в сирийской войне" кітабы жылдың әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітабы атағына ие болды. 
"Қоғам дегенде біздің алға тартатынымыз ішкі саяси мәселелер, сыртқы саяси мәселелер, халықаралық саясат, әлеуметтік мәселелер, күн сайын өзгеріп жатқан мәселелер. Тиісінше осындай қоғамдық маңызы бар кітаптар шығып жатса құба-құп. Бұл кітаптағы мәселе - бүгінгі күннің ең өзекті, ең өткір тақырыбы. Себебі, болып жатқан соғыс, ол жақтағы біздің жерлестеріміз, отандастарымыз қалай барды, не себеп, олар қайтса қандай тәуекелдер алып келеді деген үлкен келелі мәселелерге жауап берген. Меніңше, тың еңбек. Бұл соңғы 10-20 жылда шыққан бірен-сараң кітап", - деді белгілі саясаткер әрі ұйымдастырушылар алқасының мүшесі Расул Жұмалы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу