"Жолаушылар тасымалы" АҚ № 7/8 "Алматы-Мәскеу" бағытында қатынайтын пойыздың жолы Саратов станциясына дейін қысқарғаны туралы хабарлама таратты.
"2013 жылдан бері №7/8 "Алматы-Мәскеу" бағытындағы пойыз жолаушыларының саны азайғаны байқалады. Осы кезеңде жолаушылар саны 2 есеге азайған. Алматы мен Мәскеу аралығында қатынайтын тікелей халықаралық бағыттағы пойыз 40%-ға да толмаған, сондықтан тиімсіз болып тұр. Алайда, жолаушылардың мүддесін есепке алып, "Ресей темір жолы" АҚҚ-мен бірлесе отырып, пойызды тоқтатудың орнына маршрутты Саратов станциясына дейін қысқарту туралы шешім қабылданды", – деп жазылған хабарламада.
Пойыздың кестесі жолаушылардың Саратов станциясынан №17/18 "Саратов-Мәскеу" пойызына отыратын уақыты ескеріліп жасалды.