"Алтын адам" Оңтүстік Кореяға жеткізілді

1961

Оңтүстік Кореяның Ұлттық музей басшылығынан "Алтын адамды" алып келу туралы өтініш түскен. Ұлы Дала нышанымен  бірге мұнда тағы 457 ежелгі жәдігер жеткізілді.

"Алтын адам" Оңтүстік Кореяға жеткізілді

Сеулге Қазақстаннан құны миллион доллар тұратын экспонаттар жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz.

Оңтүстік Кореяның бас музейінде тұңғыш рет "Ұлы дала мұрасы: Зергерлік өнер жауһарлары" көрмесі ашылды. Сеулде Қазақстанның алғашқы мәдени көрмесін ұйымдастыруға шамамен бір жыл уақыт қажет болды.

Оңтүстік Кореяның Ұлттық музей басшылығынан "Алтын адамды" алып келу туралы өтініш түскен. Ұлы Дала нышанымен  бірге мұнда тағы 457 ежелгі жәдігер жеткізілді. Мұндай құнды жүкті тасымалдау үшін неміс авиакомпаниясының арнайы ұшағы және қарулы күзет қажет болды.

Көрмеге арналған жарнама тіпті Сеул метросында да орналастырылған. Салтанатты ашылуы рәсіміне "Сазген Сазы" фольклорлық ансамблі қатысты. Әртістер Абайдың әуенімен бірге ең танымал "Ариран" корей халық әнін  орындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу