"Алтын сақаның" иесі анықталды

924

 "Алтын сақаның"  иесі анықталды

Астанада асық атудан "Алтын сақа" республикалық турнирі өтті. Онда "Астана" командасы қарсыластарын шаң қаптырып, бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Турнирге 5-8 сынып оқушыларынан құралған 6 өңірдің: Астана, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола, Маңғыстау облыстарынан келген 9 команда қатысты. Ұлттық ойын жарысында 45 спортшы мергендіктері мен ептіліктерін көрсетті. Елордалық 9 спортшы, оның бесеуі "Жігер" спорт клубы атынан қатысты.  

Қыздар арасында "Жігер" спорт клубының тәрбиеленушілері Қуанова Аружан мен Даниярова Камила турнир чемпионы атанды. Жалпы командалық есеп бойынша "Астана" командасы алға шығып, бірінші орынды иеленді. Екінші орын – Маңғыстау облысының командасына бұйырса, Ақмола облысының спортшылары қола жүлдені қанағат тұтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу