"Алтын" да, "қола" да Қазақстанға бұйырды

1072

"Алтын" да, "қола" да Қазақстанға бұйырды

Қазақстандық жеңіл атлетші Виктория Зябкина Ашхабадта жабық ғимараттағы Азия ойындарында "алтын" жеңіп алды, деп хабарлайды КазТаг.
Зябкина 7,32 секунд уақытымен 60 м қашықтықта бірінші болып келді. Осы қашықтықта қола медалды қазақстандық басқа спортшы Ольга Сафронова (7,43) иеленді. Ал "Күміс" вьетнамдық Ле Ту Чинге (7,36 сек) бұйырды.
Бұған дейін келесілер Азия ойындарының жүлдегерлері болған еді: Иван Иванов ("алтын" ядро лақтыру),  Сергей Григорьев ("алтын" сырықпен секіру), Ольга Рыпакова ("алтын" қашықтыққа секіру және үш қайтара секіру), Элина Михина ("алтын"  400 м жүгіру), Мария Овчинникова ("күміс" үш қайтара жүгіру), Анастасия Виноградова ("қола" кедергілермен 60 м жүгіру), Михаил Литвин ("қола" 400 м жүгіру).
Атап өтсек, Ашхабад Орталық Азия өңірінде бірінші болып, жабық ғимаратта Азия ойындарын өткізу құқығына ие болды. Ол 27 қыркүйекке дейін созылады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу