Қарағанды облысының 8 тұрғыны "Аманат" қоғамдық таңдау сыйлығының лауреаты атанды. Аймақтық байқауға келіп түскен 100 өтініштің ішінен 26 үміткер ішінен таңдап алынды.
"Аманат" сыйлығы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық өміріне өлшеусіз үлес қосқан, адами құндылықтардың нығаюына септігін тигізіп жүрген, еңбегімен, адамгершілігімен көзге түскен адамдар марапатталады. Бұл жоба туралы көктемде "G-Global. ӘлемХХІ ғасыр" форумында жарияланған болатын.
Аймақтың іріктеу кезеңі Қазақстанның барлық облыстарында өтеді. Алғаш рет сыйлық Қарағандыда табысталды. Үміткерлерді қоғам өкілдері ұсынды. Әділқазылар құрамына белгілі қарағандылықтар, қоғам қайраткерлері, саяси партия өкілдері, кәсіпкерлер мен кәсіподақ ұйым өкілдері енді: металлургия саласының ардагері Қуаныш Омашев, Суретші, "Атом" жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков, Қарағанды және Қарқаралы ауданының құрметті азаматы Рымбала Омарбекова, Облыстық мәслихат хатшысы, Ақтоғай ауданының Шашубай кентіндегі Мектеп-балабақша кешені базасындағы "Тірек мектебі (ресурстық орталық) директоры Айман Түкбаева, "Шығыс" шаруа қожалығының басшысы Шамиль Осин, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, "Еврей мәдениетінің Қарағанды орталығы" ҚБ жетекшісі Вилен Молотов-Лучанский, ҚР парламент мәжілісінің депутаты, бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы, олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Қайрат Кемалов.
Республика бойынша 112 лауреат марапатталатын болады. Ақтық сында әр аймақтан бір жеңімпаз таңдалады. Республикалық "Аманат" сыйлығын табыстау Астанада келесі жылы өтеді.