"Аралсода" кальцилендірілген содасын шығаратын зауыттың құрылысын 2021 жылы аяқтайды

1276

"Аралсода" кальцилендірілген содасын шығаратын зауыттың құрылысын 2021 жылы аяқтайды

"Аралсода" БК Қызылорда облысындағы Арал қаласында салынып жатқан кальцилендірілген сода өндіретін зауыттың құрылысын 2021 жылы  аяқтауды көздеуде. Бұл туралы  облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап "Интерфакс-Қазақстан" хабарлады.

Басқарманың дерегінше,  жобаның құны 93,5 млрд теңгені құрайды

Зауыттың қуаттылығы жылына 300 мың тонна. Кәсіпорын өз өнімімен елдегі сұраныстың  75 пайыз жабуды көздейді. "Аралсода" өнімді Ресей мен Қырғызстанға экспорттамақшы.

Айта кетейік, "Аралтұз" құрылысы жөніндегі жобаны жүзеге асыру шеңберінде қытайлық "Хайси Дэшен Сода Саласы" трансұлттық компаниясымен "Аралсода" Қазақстан-қытай бірлескен кәсіпорны құрылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу