"Аралтұз" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Абылай Ғабжалиловке мемлекетаралық іздеу жарияланды

1133

"Аралтұз" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Абылай Ғабжалиловке мемлекетаралық іздеу жарияланды

Кәсіпкер Абылай Ғабжалиловке қатысты мемлекетаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып "ҚазАқпарат" ХАА.

"Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ҚР ҚК 222-бабы 3-бөлігі, 193 бабы, 3-бөлігі "В" тармағы бойынша қылмыс жасаған 1978 жылы 25 маусымда туған Абылай Хайруллаұлы Ғабжалиловке іздеу жариялады. Іздеу түрі  "мемлекетаралық", қамуда ұстау. Ұлты  қазақ, білімі жоғары", делінген хабарламада.

Тану белгілері: бойы  175 см, дене бітімі орташа, көзі қара, қалың қасты.

Ведомство таратқан ақпарат бойынша іздеу жарияланған адам туралы қандай да ақпарат болса, мына мекенжай бойынша хабарласуды сұрайды: 050000, Қазақстан, Алматы, Абылай хан көшесі 93/95, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті: 8 (727) 279-29-56 (кезекші бөлім), ұялы байланыс: 8-747-111-93-77. Абылай Ғабжалилов "Аралтұз" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу