"АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшыларының бірі сотталып жатыр

860

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшыларының бірі сотталып жатыр

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-тың қызметкерлер жөніндегі директоры Анна Адом еңбек заңнамасын бұзды деген күдікпен дербес айыптау бойынша сотталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теміртау қалалық сотының судьясы Асанәлі Смайыловтың өндірісіне дербес айыптау шағымы бойынша қылмыстық іс келіп түсті. Дербес айыптаушы - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның "Өркен" ЖШС-тің қазіргі директоры Юрий Паламарь. Ол Анна Адомның үстінен өзін 2016 жылғы 20 қарашада дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмағаны үшін жұмыстан босатты деген шағым түсірді. Бірақ Паламарь сотқа қуыным беріп, сырқаттанғандықтан өз кабинетінде болмағанын дәлелдеді.

Теміртау қалалық сотының судьясы Галина Кочубей компанияға Юрий Паламарьды бұрынғы лауазымына қайтару міндетін жүктеп, мәжбүрлі түрде жұмыссыз жүрген уақыты үшін Юрий Паламарьға 300 мың теңге мөлшерінде, заңды өкілдің қызметтеріне 100 мың теңге мөлшерінде өтемақы төлеу туралы шешім шығарды.

Биылғы жылдың 23 қарашасындағы компанияның апелляциялық шағымын облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы қайтарды. Бірақ Юрий Паламарь қызметінде елемеушілікке душар болды. Оған компаниядағылар жұмысына қажетті кеңсе тауарлары мен компьютер бермеген. Содан кейін ол сотқа дербес айыптау шағымын түсіріп, Анна Адомды ҚР қылмыстық кодексінің 152-бабын бұзды деп айыптайды.

Сот тыңдалымы басталды. Анна Адомға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмады, өйткені бұлтартпау шарасы дербес айыптау бойынша ашылған қылмыстық іске қатысты қолданылмайды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу