"АрселорМиттал Теміртау" кәсіподақ өкілдерімен жаңа ұжымдық келісімшартқа қол қойды

787

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіподақ өкілдерімен жаңа ұжымдық келісімшартқа қол қойды

"АрселорМиттал Теміртау" жетекшілері үш кәсіпорын департаментінің жетекшілерімен жаңа ұжымдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 
Осыған дейінгі келісімшарттың мерзімі жазда аяқталған болатын, алайда келісімшарт осы жылдың соңына дейін қайта ұзартылды. Жаңа келісімшарттың жобасы қыркүйек айында ұсынылды, дегенмен онда өнідіріс орнында қаза болған жұмыскерлердің отбасыларына төленетін өтемақыға қатысты пункт болмағаны, сондай-ақ қосымша демалыс күндерінің төлемі, жеңілдіктер, санаторийде емделу және басқа да мәселелер айтылмағаны кәсіподақ өкілдерінің наразылығын тудырған болатын. Кеше қол қойылған құжаттың нұсқасы екі жақты да қанағаттандырды. 

"Келісімшартқа қол қойылмас бұрын біз не күтерімізді білмедік, алаңдаушылық болды. Осы уақыт аралығында кәсіпорыннан 400 тәжірибелі кеншілер, жақсы мамандар жұмыстан шығып кетті. Ол дегеніміз өте жаман көрсеткіш, себебі шахталарымыз қаншалықты бай болса да, адамдарсыз ол жерден ештеңе өнбейді",- дейді "Қорғау" көмір департаментінің кәсіподақ басшысы Марат Миргаязов құжатқа қол қойылған соң.

Айта кететін жайт, жаңа ұжымдық келісімшартқа сай, бұдан былай шахта қызметкерлері арасында аналарды қолдау және 13-ші жалақы секілді жеңілдіктер таратылады. Осыған дейін ол тек болат департаментінде жұмыс істейтін мамандарға ғана көрсетілетін. Демалыс орындары да енді мамандығына қарамастан компанияның барлық қызметкерлеріне қолжетімді болады. Зейнеткерлерге көмек көрсету пункті де өзгеріссіз қалды. Оларға жеңілдіктер толығымен кәсіподақтармен бақыланып, таратылатын болады: компания кәсіподақтарға кәсіподақ мүшелерінің жалақысы қорының 0,4% көлемінде бірегей қорды аударады да, олар өз кезегінде зейнеткерлердің қандай қажеттіліктеріне ол қаражатты жұмсау керектігін шешеді. 
Жаңа ұжымдық келісімшарт 2018- ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап өз күшіне енеді. Ол құжат 2021-ші жылдың 1-ші қаңтарына дейін әрекет етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу