"АрселорМиттал Теміртау" металлургтердің еңбекақысын 20 пайызға көтергенін хабарлады

859

"АрселорМиттал Теміртау" металлургтердің еңбекақысын 20 пайызға көтергенін хабарлады

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы және кәсіподақтар еңбек ақысын көтеру мәселесі бойынша ортақ шешімге келді, деп хабарлайды Қарағанды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 
"Өркен", "Жақтау", "Қорғау", "Бірлік" ЖШС кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ "АрселорМиттал Теміртау" АҚ әкімшілігі бірлесіп, 2018-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қызметкерлердің негізгі еңбекақысын және тарифтерді көтеруге байланысты бірыңғай тәсіл құрады. Ол еңбекақысы ең төмен қызметкерлерге анағұрлым көбірек пайыздық көтерім қарастыратын принципке негізделген", - деп мәлімделген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 
Нәтижесінде: көмір департаменті және "Атасу" руднигінің жұмыскерлерінің еңбекақысы 33,5%-ға ұлғайтылады; болат департаментінің негізгі цехтерінің жұмыскерлерінің (кокс химиялық өндіріс, аглоөндіріс, домналық цех, оттек-конверторлық цех, сондай-ақ барлық илек цехтерінің) еңбекақысы 20%-ға ұлғайтылады; болат, көмір департаменттерінің басқа да барлық бөлімшелерінің және "Өркен" ЖШС қызметкерлерінің еңбекақысы жалақы деңгейіне байланысты 20%-ға дейін ұлғайтылады. 
Еңбекақыны ұлғайту пайыздық көрсеткішінде бірыңғай ұжымдық келісімшартқа сәйкес индексация жүргізу қарастырылған. Негізгі айлық пен тарифтерді ұлғайту тарифтік топтар мен тарифтік мөлшерлемеге байланысты жеке-дара коэффиценттерге сәйкес жүргізілетін болады. 
Төлемдер 2018-ші жылдың 9-шы ақпанына дейін жүзеге асырылады. 
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Парамжит Калон кәсіподақ ұйымдарына өндірістік жұмыста тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша өзара әрекеттестік еткені және келіссөздерде конструктивті ат салысқандары үшін алғысын білдірді. 
"Жақтау" металлургтер кәсіподағының төрағасы Виктор Щетинин талықлау қысқа мерзімде өткенін атап айтты. Оның айтуынша екі жақ та жалақыны көтерудің нақты және айқын механизмін жасап шығару керек екенін жақсы түсінген. 
Алайда "Қорғау" көмір қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Миргаязов келіссөз күрделі және қызу өткенін атап өтті. "Алайда бізге жұмыскерлердің шарттары мен компанияның мүмкіндіктерін ескеретін еі жаққа да жағымды шешім қабылдауға мүмкін болды. Дегенмен екі жақ та алдағы уақытта еңбекақының тиімді жүйесін құрып, қолданысқа енгізу үшін бірлесіп жұмыс істеу керектігін мойындады", - деп қосты ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу