"АрселорМитталТеміртау" басшылығы жұмысшының жарақат алғанын растамай отыр

945

"АрселорМитталТеміртау" басшылығы жұмысшының жарақат алғанын растамай отыр

Металлургия комбинатының жылу электр орталығы – бу-ауа үрлейтін станциясында апат болып, қазандықтан плиталар құлады, деп хабарлайды BNews.kz.

Кәсіпорын жұмысшыларының хабарлауынша, "АрселорМитталТеміртау" АҚ жылу электр орталығы – бу-ауа үрлейтін станциясында №3 және №4 қазандықтар арасындағы 32 плита құлап, соның салдарынан қазандық істен шықты. 

"АрселорМитталТеміртау" АҚ бас директорының кеңесшісі Алексей Гуреевтің сөзінше, металлургия комбинатында қалыпты режим бойынша жұмыс жалғасуда.

"Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында №3 және №4 қазандықтардың жұмысы тоқтатылды. Қазіргі уақытта 4 қазандық жұмыс істеп тұр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алексей Гуреев.

Алексей Гуреев оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді. Алайда, дәрігерлердің мәліметінше, Теміртау қаласының орталық ауруханасына 25 наурызда зардап шеккен жұмысшы келіп түскен, қазір ол жан сақтау бөлмесінде. Ол көптеген жарақат алған, жағдайы ауыр.

"АрселорМитталТеміртау" АҚ бас директорының кеңесшісі жұмысшының зардап шегуі болған оқиғамен байланысты екенін теріске шығарды. Ол жұмысшы жарақатын басқа жағдайда алғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу