Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция арасында келіссөздің үшінші кезеңі Астанада наурыз айына белгіленген, деп хабарлады Иранның СІМ басшысының орынбасары Хосейн Джабери Ансари. Бұл туралы "Интерфакс" жазып отыр.
Жоғары лауазымды ирандық дипломат 15-16 ақпанда Сирияға қатысты келіссөздің екінші кезеңінде делегацияны бастап келген болатын.
Иран радиосынан Хосейн Джабери Ансари Астана-3 "бір айдан соң" өтетінін мәлім етті.
Келіссөздің нақты өтетін күні дипломатиялық арналар арқылы келісілетін болады, деп министрдің орынбасары.
БҰҰ бастамасымен Сирия үкіметі мен саяси және қарулы оппозиция арасында толықкөлемді келіссөз 23 ақпанда Женевада өтеді деп көзделген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу