"Астана-Алматы-Үрімжі" пойыз бағыты ашылды

889

"Астана-Алматы-Үрімжі" пойыз бағыты ашылды

"Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ және Қытай теміржолы арасындағы келісімдерге сәйкес, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі өтетін кезеңде Алтынкөл (ҚР) — Қорғас (ҚХР) шекарасы арқылы өтетін "Астана-Алматы-Үрімжі" теміржол қатынасы іске қосылды, деп хабарлайды elorda.info.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алтынкөл - қазақ және қытай теміржолдары тоғысатын тоғыз жолдың торабы. Мұнда жылжымалы құрамдар параллельді жолдарға тоқтайды да жолаушыларды отырғызу басталады: Қазақстан жолаушылары — қытай пойыздарының вагондарына, ал қытай жолаушылары біздің пойыздарға орналасады. Жолаушыларды орналастырудың бұл үлгісі өте ыңғайлы әрі уақыт шығынын қажет етпейді. Туристер бұл уақытта шекара және кеден бақылауынан өтіп, сапарларын жалғастырады. Күн сайын жүретін пойыз "Тұлпар-Тальго" отандық өнімнің 31 вагонынан тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу