"Астана газ ҚазмұнайГаз" облигациялары сатылады

735

"Астана газ ҚазмұнайГаз" облигациялары сатылады

Қазақстанның даму банкі мен Еуразиялық даму банкі 2019 жылдың басында "Астана газ ҚазмұнайГаз" компаниясының Сарыарқа жобасы аясындағы облигацияларын сатып алады, деп хабарлайды Atameken Business.

Ол газ құбырының құрылысына арналған жоба. Құнды қағаздарға әрқайсысы 51 млрд теңгеден жұмсамақ.

Fitch Ratings агенттігінің хабарлауынша, бұл жобаға "Самұрық Қазына" мен "Бәйтерек" холдингі қажетті қаражаттың 30 пайызын – 80,3 млрд теңге құйған. Қалған 70 пайызын кредиторлар бөледі деп күтілуде.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қоры болса, алдағы 10 күнде 85 млрд теңгенің облигацияларын сатып алмақ.

Жалпы, Сарыарқа газ құбырының алғашқы кезеңі келер жылдың желтоқсанына дейін салынып бітуге тиіс. Барлығы 4 кезеңмен жүзеге асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу