"Astana Marathon 2018" жарысының жеңімпаздары белгілі болды

819

5 мың адам қатысқан халықаралық "Astana Marathon 2018" жарысының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Astana Marathon 2018" жарысының жеңімпаздары белгілі болды

Аталмыш сайыста қатысушылар жас ерекшелігі бойынша бақ сынасқан болатын. Осылайша, 42,2 шақырымдық жарыста абсолютті санатта бірінші және екінші орынды Кениядан келген Эрик Керинг (2:17:57) пен Роберт Гаито (2:22:30) бөлісті. Үшінші орынды қазақстандық Әмір Байтоқанов (2:26:33) қанағат тұтты.

Абсолютті санатта әйелдер арасында да алғашқы екі орын кениялықтарға, атап айтқанда Салина Джебет (2:31:09) пен Люси Ндунгудаға (2:33:12) бұйырды. Үшінші орынды Қырғыз Республикасынан келген Юлия Андреева (02:37:46) місе тұтты.

42,2 шақырымдық қашықтықта 18-39 жас аралығындағы қатысушылардың ішінде бірінші орынды қырғызстандық Жоодарбек Кочконбаев (2:28:47) алса, екінші орынды Беллор Ятор (2:30:24, Кения) мен Қазақстан атлеті Ғалымжан Жұмабаев (2:32:01) иеленді.

18-39 жас аралығындағы әйелдер арасында үш орынды Жанна Мамажанова (2:38:56, Қазақстан), Дана Айдосова (2:47:19, Қазақстан) мен Мерси Джелимо Тоо (2:50:16, Кения) өзара бөлісті.

40-49 жас аралығындағы атлеттер категориясында бірінші орынды Әскер Қожанов (2:49:56, Қазақстан) еншілесе, екінші және үшінші орынға қазақстандық атлеттер Юрий Егер (2:53:07) мен Айбек Жотеков (3:04:55) ие болды. Қыздар арасында аталмыш категорияда да қазақстандық атлеттер Нелли Медведева (3:54:58), Гюзаль Васева (4:02:59) мен Инна Вишнякова (4:09:22) тұғырдан көрінді.

50-59 жас аралығындағы сайыста тағы үш қазақстандық атлет Павел Брода (2:55:31), Меңдібай Әлімғазинов (3:01:17) пен Талапнұр Байзақ (3:14:10) үш орынды жеңіп алды. Әйелдер арасында аталмыш категорияда бірінші орында қазақстандық Валентина Титовская (4:21:19) иеленді.

60-69 жас аралығындағы спортшылардың ішінде үш орын да қазақстандық спортшылардың еншісіне бұйырды. Атап айтқанда, үш орынды Владимир Кривушкин (3:21:59), Қазыбек Бекеев (3:32:10) пен Валерий Куликов (3:43:04) өзара бөлісті. Әйелдер арасында Любовь Асанова (4:29:43) ғана аталмыш қашықтықты бағындырып, бірінші орынға табан тіреді.

70 жастан жоғары атлеттердің ішінде Николай Григорьев (3:38:54) пен Қайырбай Сәлімов (4:01:35, екеуі де Қазақстаннан) бірінші және екінші орыннан көрінсе, әйелдер арасында бұл қашықтықты Амельсин Мирошниченко (05:21:48) бағындырып, биік тұғырдан көрініп отыр.

10 шақырымдық абсолютті санатта ерлер арасында бірінші орынды және екінші орынды кениялықтар Шадрак Коеч (00:30:52), Кеннет Ротич (00:31:45) иеленсе, үшінші орынды қазақстандық Алексей Гусаров (00:31:57) қанағат тұтты.

Абсолютті санатта әйелдер арасында да алғашқы екі орын кениялықтардың - Норах Джеруто (00:32:04) мен Дэйзи Джепкемейденің (00:32:05) үлесінде. Үшінші орынға қазақстандық Светлана Саунина (00:37:57) табан тіреді.

42,2 шақырымдық абсолютті санаттағы бірінші орын иегерлеріне  905 000 теңге, Air Astana компаниясының кез келген бағытына тегін билет, эксклюзивті сағат берілді. Ал екінші орынға 452 500 теңге мен Air Astana компаниясының кез келген бағытына тегін билет, үшінші орынға 226 250 теңге табысталды.

18-39, 40-49, 50-59, 60-69, 70 жастан жоғары жеңімпаздарға бірінші орынға 50 000 теңге, екінші орынға 40 000 теңге, үшінші орынға 30 000 теңге берілді.

10 шақырымда жеңіске көтерілген спортшылар үшін бірінші орынға 30 000 теңге, екінші орынға 25 000 теңге, үшінші орынға 20 000 теңге тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу