"Астананың" бас бапкері "Фенербахчемен" келіссөз жүргізіп жатқанын растады

721

"Астананың" бас бапкері "Фенербахчемен" келіссөз жүргізіп жатқанын растады

Елордалық "Астана" клубының бас бапкері Sportal.bg порталына берген сұқбатында түркиялық "Фенербахче" клубымен келіссөз жүргізгенін растады, деп хабарлайды vesti.kz.
Қараша айында Стамбулдық клубтың Стойловты команданың бас бапкері Айкут Кокаманның орнын басатыны туралы жазылған болатын. Бірақ команданың ішкі біріншіліктегі қатарынан бес жеңісінен кейін, түрік маманы орнын сақтап қалды. 
"Ең алдымен мен "Фенербахче" сапында бірде ойнаған Айкут қызметінде қалды. Ол отставкаға кету туралы ұсыныс білдірді. Бірақ бірнеше күннен кейін директорлар кеңесі бұл отставканы қабылдамай, жұмысын жалғастыра беруге рұқсат берді. Мен бірнеше келіссөз жүргіздім. Алайда маған нақты ешқандай ұсыныс түспеді", - дейді Стойлов. 
Айта кетейік, Стойловтың "Астана" клубымен келісімшарты желтоқсан айында аяқталады. Соңғы сұқбатында болгариялық маманның өз жұмыс орнын ауыстыратыны туралы да айтып қалды. 
50 жастағы маман "Астана" клубының тізгінін 2014 жылдың маусымынан ұстап келеді. Оның бастамасымен елордалық клуб қатарынан төрт рет ел чемпионы атанса, бір рет чемпиондар лигасының топтық кезеңіне, екі рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне және биыл қазақ клубтары арасында бірінші болып Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты. 
Енді біздің команда 1/16 финалда лиссабондық "Спортинг" клубымен кездеседі. Бірінші ойын 15 ақпан күні Астана қаласында өтсе, екінші кездесу 22 ақпан күні Лиссабонда өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу