"Астана" футбол клубына жаңа бас бапкер келді

839

 "Астана" футбол клубына жаңа бас бапкер келді

Станимир Стоилов Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде тағайындалғаннан кейін, "Астана" командасының тізгінін Григорий Бабаян ұстады, деп хабарлайды vesti.kz.  
Григорий Константинович "PRO" жаттықтырушы санатына ие, ұзақ уақыт бойы Қазақстан құрамасында, "Астана", "Цесна" және "Алма-Ата" футбол клубтарында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған.
Бабаян әр кезеңде Мирослав Беранек, Бернд Шторк, Антониус Йора, Иоан Андоне, Юрий Красножан, Олег Протасов және Станимир Стоиловтың жаттықтырушылар құрамында жұмыс істеді.
2014 жылы қазақстандық маман елордалық команданы маусымға дайындап, сол жылдың жазына дейін бас бапкердің міндетін атқарды.
Бапкер ретінде Қазақстан Чемпионатында төрт мәрте жеңімпаз атанып, үш рет Кубокта және Суперкубокта топ жарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу