"Астана" футболшысы Патрик Твумасиге шабуыл жасалды

901

"Астана" футболшысы Патрик Твумасиге шабуыл жасалды

"Астана" футбол командасының шабуылшысы Патрик Твумасиге Гана елінің астанасы Аккра қаласында шабуыл жасалды, деп хабарлады vesti.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz.

22 жастағы футболшы мерекеге қарсы өз еліне келген. Қару асынған адамдар Твумасидің үйіне баса-көктеп кіріп, бағалы заттары мен ақша алып кеткен.

"Олар тапаншасын кезеніп тұрғандықтан қарсы күш қолдана алмадым. Отбасымды өлтіретінін айтып, қымбат заттарымды алып кетті", – дейді Твумаси.

Қазіргі күні полиция ұрлық жасау ісі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Футболшының айтуынша, 29 мың доллар (9,7 миллион теңге) қолды болған.

"Бұл оқиғадан кейін отбасымның аман қалғаны үшін Жаратқанға алғысым шексіз. Шабуыл жасағандар қомақты қаржы мен бағалы заттарды алып кетті. Дегенмен, біз тіріміз. Бұл бәрінен де маңызды", – деді "Астана" ойыншысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу