"Астана" ойыншылары премьер-лига ойындарының 26-шы туры аясында "Атырау" командасын 7:0 есебімен тас-талқан етті, деп хабарлайды prosports.kz.
Бұл ойын елордалық команданың тарихындағы ең ірі жеңіс ретінде тіркелді.
Осыған дейін Қазақстанның үш дүркін чемпиондары ең ірі есеппен жеңіске жеткен ойындарында 5 доп айырмасы болған еді.
2014 жылы "Астана" - "Ақтөбе" арасындағы кездесу 6:1 есебімен аяқталса, 2011 жылы "Астана" - "Қайрат" арасындағы ойында дәл осындай есеп тіркелген болатын.
Ал астаналықтар 5:0 есебімен үш рет жеңіске жеткен. 2014 жылы "Спартакты", "Ордабасыны" және 2013 жылы "Атырауды" осындай есеппен ұтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу