Бұған дейін Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновациялар комитетін Мұрат Әбенов басқарып келген.
Болат Башеев "Атамекен" ҚР ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновациялар комитетінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.
Комитет Ұлттық палатаның ақпараттық-коммуникациялық саланы және "жасыл экономиканы" дамытумен байланысты мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен тиімді байланыс орнатуы мақсатында құрылған.
Комитеттің міндетіне Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасы мен басқармасы үшін ақпараттық-коммуникациялық индустрия саласында ұсыныстарды талдау және дайындау, ҚР заңнамасын жетілдіру, индустриядағы түткілді мәселелерді анықтау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын дайындау және жүзеге асыру, халықаралық ұйымдар және компаниялармен ынтымақтастықты нығайтуға қатысу кіреді.
Болат Башеев – ARTA Software компаниясының басқарма төрағасы. "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Мұрат Әбеновтың орнына сайланды.