"Атырау-Астрахань" тас жолының бойынан Халыққа қызмет көрсету орталығы салынады

1354

"Атырау-Астрахань" тас жолының бойынан Халыққа қызмет көрсету орталығы салынады

Атырауда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы салынады. Қазіргі таңда "Атырау-Астрахань" тас жолының бойынан жер бөлініп, құжаттары рәсімделіп жатыр, деп хабарлайды atpress.kz.

Облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің директоры Тұрлан Нұржанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа орталықта жүргізуші куәлігін беру және көлікті тіркеу секілді жұмыстар жүзеге асады.

Сондай-ақ, баспасөз конференциясында сәуірден бастап сурдо-онлайн қызметінің іске қосылғаны айтылды. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттік қызмет алуын жеңілдетеді. Яғни, орталыққа келген адам арнайы терезеге барып, Астанадағы сурдо маманымен ғаламтор арқылы байланыса алады. Тиісінше, жергілікті қызметкер мүмкіндігі шектеулі азаматтың қандай қызмет алуға келгенін біледі.

Тағы бір жаңалық, енді электрондық үкімет порталынан соттылығы жоқ туралы анықтама алу үшін цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті емес. Бұл қызметті қазақстандықтар бір реттік sms-парольдің көмегімен ала алады.

"Ол үшін порталдағы m-gov телефон нөмірлері базасына тіркелсе болғаны", - дейді Тұрлан Нұржанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу