"Атырау" "Ақжайықтан" басым түсті

665

"Атырау" "Ақжайықтан" басым түсті

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының ХІХ турында жергілікті "Атырау" командасы "Ақжайық" командасын қабылдап, жаңа тағайындалған бас бапкер Виктор Кумыковтың басшылығымен өткен алғашқы ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды atr.kz.

"Мұнайшы" стадионындағы  кездесу басталар алдында қос команда қапыда қылмыскерлердің қолынан қаза тапқап белгілі мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Төрешінің ысқырығы шалынысымен екі команда да алма-кезек шабуыл  ұйымдастырып, жанкүйерлердің делебесін қоздырды. Алғашқы кезеңдегі  шабуылдардың бірінде "Атырау" командасының шабуылшысы Игорь Зенькович оң қапталдан берілген пасты сәтті қабылдап, қақпаға бағыттауы арқылы әдемі голдың авторы атанды. Оралдықтар да қарап қалмай, шабуылды үсті-үстіне үдеткенмен Андрей Пасеченконың осал тұсын таба алмады. Екінші кезеңді  белсенді бастаған атыраулықтар ойынның 55-ші минутында Боровик қақпасына тағы бір гол салды. Голдың авторы – шабуылшы Предраг Сикимич.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу