"Байқоңырға" әкім тағайындалды

714

 "Байқоңырға" әкім тағайындалды

Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы барысында депутаттар Астана қаласында жаңадан құрылған "Байқоңыр" ауданының жаңа әкімінің тағайындалуын мақұлдады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің ресми сайты.

"Байқоңыр" ауданының әкімі қызметіне Ерлан Каналимовтың кандидатурасы ұсынылды. Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Каналимов Ерлан Ермекұлы 1982 жылы 22 тамыздағы Целиноград қаласында дүниеге келген, ұлты –  қазақ.

Білімі: "Экономист, заңгер", Астана қаласының басқару институтында 2003 жылы, Қазақстан-Ресей университетінде 2007 жылы білім алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу