"Байқоңыр" кешенін жалға беруден түскен қаражат 2,6 миллиард доллардан асты

1024

"Байқоңыр" кешенін жалға беруден түскен қаражат 2,6 миллиард доллардан асты

"Байқоңыр" кешенін жалға беруден түскен қаражат 2,6 млрд доллардан асты. Бұл туралы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Қазақстан бюджетіне "Байқоңыр" кешенін жалға беруден түскен жалпы қаражат көлемі 2645 млн АҚШ долларын құрайды. Кешенді жалға беруден түскен ақшаны жарату Қазақстанның бюджеттік заңнамасына сәйкес шешіледі", - дейді Сағынтаев.
"Байқоңыр" космодромы Ресейге 1994 жылы берілген. Жалға беру мерзімі 2050 жылы аяқталады. Кешеннің бір жылдық жалдау ақысы - 115 млн доллар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу