"Байқоңыр" кешенінің 451 жұмысшысы қысқартылады

2734

 Мұның тең жартысы қазақстандық.

"Байқоңыр" кешенінің 451 жұмысшысы қысқартылады

Байқоңырдың жұмыссыз тұрғындары Қазақстанның солтүстігіне көшуде, деп хабарлайды ru.sputniknews.kz.

Бүгінгі күні өңірде Қазақстан мен Ресейдің жүздеген азаматы жұмыссыз қалып отыр.

Қазақстан Байқоңырда жұмыспен қамту орталығын ашты, оған ғарыш қалашығының жүздеген адамы тіркеліп жатыр.

"2017 жылы Байқоңырда Ресей Федерациясының 24 кәсіпорны мен мекемесінен 836 адам жұмыстан қысқарған. Оның 543-і Қазақстан Республикасының азаматтары", - деді Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов.

Бір жыл ішінде 388 адам жұмысқа тұрғызылған.

Биылғы жылдың 1 тамызында Ресейдің 11 кәсіпорны мен мекемесінде болған қысқару тағы 104 қазақстандықты жұмыссыз қалдырған. Сонымен қатар "Байқоңыр" кешенінің 20 ұйымының 451 жұмыскеріне жыл соңына дейін қысқаратыны жайлы хабарлама берілген. Мұның тең жартысы қазақстандық.

Қазақстан жұмыссыз қалғандарды жұмыспен қамту міндеттемесін қолға алды. Ал бұған дейін Байқоңыр қаласы тұрғындарын жұмыспен қамтумен тек ресейлік жұмыспен қамту орталықтары айналысқан болатын.

Қазақстан үкіметі ел ішінде қоныс аударушыларды қабылдайтын төрт өңірді белгілеген: Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар Қостанай облыстары.

Тап қазіргі уақытта солтүстік өңірге Байқоңырдың Төретам және Ақай кенттерінен ондаған отбасы көшіп кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу