Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы пара алу фактісі бойынша "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылығына қатысты соталды тергеу жүргізуде. Тергеу "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды тұлғалары А. Жақыпов (Басқарма төрағасының орынбасары), Б. Айтымбетов (мемлекеттік-жеке әріптестік дирекциясы департаментінің басшысы), Г. Сариев (басқарушы директор) "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй салу бойынша қызметтерді сатып алу кезінде құрылыс компанияларының мүдделерін оңтайлы шешекені үшін жүйелі түрде аса ірі көлемде пара алу схемасын жүргізгенін анықтады. Қылмыстық топтың әр қатысушысының өз рөлі болған. Сонымен, Айтымбетов құрылыс компаниялары өкілдерінен ақшаны тікелей алып отырған, сосын оны Жақыпов пен Сариевке берген. Өз кезегінде соңғылары шарттарға, орындалған жұмыс актілеріне, төлемге есепшоттарға қол қойған. 11 кәсіпорын тартылған қылмыстық схема барша республика бойынша құрылыс ннысандарын қамтыған, яғни Орал, Көкшетау, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Талдықорған.
Ведомоство баспасөз қызметі хабарлағандай, 17 қарашада 28 млн теңге сомасында кезекті пара алу барысында Жақыпов, Сариев, Айтымбетов ұсталды. Ақшаны құны 3,4 млрд тұратын Павлодар қаласындағы екі 9 қабатты тұрғын үйді салуға шарттарды жасасқан кезде "Project City Group" ЖШС-ға жәрдемдескені және орындалған жұмыс актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін алған. Бұдан басқа, "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды тұлғаларына бірнеше рет пара бергені үшін "Project City Group" ЖШС басшылары мен құрылтайшылары Б. Есмұханов, К. Смағұлов, Е. Жұманазар, А. Комаров ұсталды. Осындай қылмыстық схемамен бұрынғы басқарушы директор Анарбай пара алып отырған. Қазір ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес ол да ұсталды.