"Бәйтерек" холдингі алғашқы өңірлік үлестік құрылыс жобасын іске қосуда

1125

"Бәйтерек" холдингі алғашқы өңірлік үлестік құрылыс жобасын іске қосуда

"Бәйтерек" Холдингі алғашқы өңірлік үлестік құрылыс жобасын іске қосуда,   "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ баспасөз қызметі.

Бүгін Қарағандыда "Бәйтерек" Холдингтің еншілес ұйымдары: "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі" АҚ мен Қарағанды қаласының әкімдігі және "Еurasia Building" ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

"Бірлескен іс-қимылды шоғырландыру Қарағанды қаласының халқын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және жалпы алғанда өңірлік үлестік құрылыс нарығын дамытуға бағытталған", - деп атап өтті "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Жұматаева.

"Қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум, Қарағанды қаласында үлестік құрылыс тетігін іске қосуға, сондай-ақ  бұдан әрі осы оң тәжірибені еліміздің басқа да өңірлерінде қолдануға мүмкіндік береді. Қор берген кепілдіктер белгіленген мерзімде құрылысты аяқтауға кепілдік беру арқылы үлескерлер салымдарының сақталуын қамтамасыз етудің және құрылыс барысын қадағалау арқылы оның сапасын бақылаудыңтиімді құралы  болып табылады", - деп атап өтті ол.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі" АҚ облыстық филиалының директоры, Гульнар Дабылова меморандумға қол қою рәсімінен кейін "адамдарға тұрғын үй сатып алу үшін көмек көрсету біз үшін өте маңызды. Өңірде жинақталған сомасының жалпы сомасы 26 млрд теңге болатын 67 мың салымшы бар. Олардың барлығы өз шоттарында тұрғын үй сатып алу үшін қаражат жинауда. Бұл жерде бір шаршы метрінің бағасы қолжетімді болуы мен нысанды дер кезінде пайдалануға беру өте маңызды. Қол қойылған меморандум клиенттерімізге осы тармақтар бойынша кепілідіктер беріп, одан әрі олар ешқандау қауіп-қатерсіз жылдық 5%-бен несиеге пәтер сатып ала алады".

Пилоттық жоба шеңберінде тараптар күш-жігерін біріктіріп, Қарағанды облысындағы  тұрғын-үй құрылысы мен тұрғын үйді жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты ұйымдастырады.

"Пилоттық жобасын іске қосу өңірдегі үлестік құрылысты үшін дамытуға серпін береді. Бұл басқа да құрылыс компаниялары үшін әкімдіктің қолдауымен кепілдік беру қоры мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өнімдер мен көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуге және заңды негізде үлескерлердің қаражатын тартуға мүмкіндік беретін ынталандыру болып табылады", - деді Қарағанды қаласының әкімі Нурлан Аубакиров.

Үлестік құрылыс тетігін іске асыру үшін құрылыс салушы кейіннен жинақ банкінің салымшыларына құрылыс кезеңінде тұрғын үй кешенінде қолжетімді бағамен сапалы таза әрленген тұрғын үй құрылыс сатып алуға мүмкіндік беретін қордың кепілдігін алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу