"Бәйтерек" монументінің күрделі жөндеуі 10 маусымға дейін аяқталады

757

"Бәйтерек" монументінің күрделі жөндеуі 10 маусымға дейін аяқталады

Астанада қаланың басты символы - "Бәйтерек" монументіне басталған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі күні әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысшылар жұмысты ЭКСПО көрмесі басталғанға дейін аяқтауды көздеп отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Монументтің жөндеуден кейін қалай өзгеретінін және меймандарды несімен таңғалдыратыны туралы Астана әкімдігінің медиа орталығының тілшісіне берген сұхбатында мәдениет ошағының жөндеу жұмысымен айналысатын компания өкілі Бауыржан Сағдиев баяндап берді.

- Бұл нысан тұтас қаланың символы болғандықтан қызықты. Әрі дизайнерлік шешімі де ерекше. Сондықтан дизайнерлердің идеясын толық жүзеге асыруға тырыстық. Жоба дизайнына сәйкес нысан 95 пайызға дайын. Жалпы, монументтің күрделі жөндеу жұмысы 10  маусымға дейін аяқталады, - деді Б.Сағдиев.

Еліміздің басты символының күрделі жөңдеу жұмысы биылғы жылдың басында басталды. Жиырма жылға жуық уақыт ішінде жөндеу көрмеген нысанның эстетикалық келбеті көміскіленіп кетті. Бұдан былай келушілер нысанның күмбезінен жаңа көріністі тамашалай алады.

 - Біз желдеткіш, ауа өткізгіш, сантехниканың барлығын жаңасына ауыстырдық. Ауа баптағыштары бар. Дизайнер стилі мен мазмұнын өзгертті. Өзгерісті нысанның ішінен ғана емес, қасбетінен-ақ байқауға болады, - деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу