"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" дәлізі бойынша көлік қозғалысы толық ашылды

1499

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" дәлізі бойынша көлік қозғалысы толық ашылды

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" Халықаралық көлік дәлізі бойынша көлік қозғалысы ашылды. Бұл туралы ҚР инвестиция және даму министрлігінің бас сарапшысы Еркебұлан Супалдияров "Стратегия" пікірсайыс клубының алаңында мәлімдеді.
"Қазіргі  уақытта  "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің "Алматы-Қорғас" және "Шымкент-Ташкент" учаскелерінде  абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, көлік дәлізі бойынша қозғалыс басталды. Жол арқылы Қорғастан бастап Тараз, Шымкент, Қызылорда бағыты бойынша Ресейге шығуға болады", - деді ол.Сондай-ақ,  Еркебұлан Супалдияров  Түркістан мен Шымкент арасындағы  жолдың  жөнделуі  соншалықты  ұзаққа созылуына қатысты сұраққа жауап берді.

"Бізде жол учаскесі бойынша кепілдік мерзімі  деген бар. Ол  бойынша мердігер өз есебінен жөндеу жүргізеді. Оған қосымша қаражат бөлінбейді. Сондықтан, жөндеу жұмыстары ұзаққа  созылуы мүмкін", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу