"Бейбіт ғарыш" тақырыбында диалог өтті

3117

 "Бейбіт ғарыш" тақырыбында диалог өтті

"Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Әлем. ХХI ғасыр" Манифестінің беделдік өрлеуі бойынша "Нұр Отан" партиясы ұйымдастырған Жалпы республикалық шаралар аясында "Бейбіт ғарыш" тақырыбында үнқатысу өткізді.

Аталған іс-шараның шеңберінде ядролық қаруды таратпау мәселелері, ғарышты бейбіт игеру проблемасы, жаппай қырып-жою қаруларының жаңа түрлерінің пайда болу қаупі, ғарышта қару-жарақ орналастыруына тыйым салу және басқада мәселелер талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, "Әлем. ХХI ғасыр" Манифесті 2016 жылғы 31 наурызда Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік бойынша IV саммитінде айтылды және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесіне ие болды. Сонымен қатар, аталған құжат тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де кеңінен талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу