"Бекіре-2018" науқанында 28 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

711

 "Бекіре-2018" науқанында 28 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Құқық бұзушылардан 768 кг балық тәркіленіп, оның 32 кг бекіре тұқымдас түрлеріне 336 мың 800 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы "Бекіре-2018" акциясының үйлестіру штабының отырысында Атырау облыстық орман және жануарлар әлемі инспекциясының өкілі Олег Тушканов мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Акция басталғалы 47 қоршаған ортаны қорғау заңнамасының бұзылуы анықталды, олардың 42-і Атырау облысының аумағында, 3-і Маңғыстау облысында, 2-і БҚО-да. 
28 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 19 балық аулау және 5 бірлік жүзу және көлік құралдары тәркіленді. Құжаттар сотқа жіберіледі.
Сонымен қатар, науқан барысында мемлекеттік тапсырыс бойынша екі бекіре зауытына салмағы 100 кг, ұзындығы 2 метр және салмағы 38 кг екі бекіре және екі шоқыр балығы ауланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу