"Богатырь Көмір" биыл 32 мың тоннадан аса көмір өндірді

2365

Елімізде өндірілетін көмірдің жалпы көлемінің 40 пайызы "Богатырь Көмір" ЖШС-ге тиесілі. 

"Богатырь Көмір" биыл 32 мың тоннадан аса көмір өндірді

Екібастұздағы "Богатырь Көмір" ЖШС кеніштерінде биылғы 9 айда жоспарланған 29 778 мың тоннаның орнына 32 556 мың тонна көмір өндірілді. Бүгінге дейін 32 869 мың тонна көмір жөнелтілді, бұл жоспарланған көлемнің 110 пайызын құрайды, деп хабарлайды "Самұрық-Энерго"-ның үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі.

"Самұрық-Энерго" электр энергетикасы холдингі мамандарының сөзінше, тиелген көмірдің 80 пайызға жуығы электр энергиясы мен жылу өндіру үшін республиканың энергия өндіретін кәсіпорындарына жіберілген.

Бұдан тыс, "Богатырь Көмір" қатты отынды коммуналдық-тұрмыстық мұқтажды өтеу үшін жөнелтеді, яғни елдімекендердегі ұсақ қазандықтарға бағытталды. Ол бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірді (КТК) тиеп-жөнелтудің 1 млн тонна жоспары  биылғы жылғы 25 қыркүйекте орындалып қойды, 1 037 мың тоннаны құрады. Ал өткен жылы тұтынушыларға 1 398 551 тонна көлемінде КТК жөнелтілген болатын.

Айта кетсек, Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін бүкіл көмірдің 60 пайызы және Қазақстан Республикасында өндірілетін көмірдің жалпы көлемінің 40 пайызы "Богатырь Көмір" ЖШС-ның үлесіне тиесілі. "Богатырь Көмір" ЖШС-ні "Самұрық-Энерго" АҚ мен ресейлік "РусАл" БК тең негізде басқарады, баланстық қоры 2,75 миллиард тоннаны құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 42 млн тонна көмір өндіру, соның ішінде "Богатырь" кеніші бойынша – 32 миллион тонна, "Северный" кеніші бойынша – 10 миллион тонна.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу