"Бүркіт" кемесін іске қосудың салтанатты рәсімі өтті

740

"Бүркіт" кемесін  іске қосудың  салтанатты рәсімі өтті

Румындық Брэила қаласында "Бүркіт" мамандандырылған кемесін  іске қосу  салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Кеме "Теңізшевройлды" кеңейту жобасы аясында тасымалданатын Құрық порты - Прорва порты (Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің солтүстік бөлігі)  маршруты бойынша габаритті емес жүкті тасымалдау үшін жасалды.

2018 жылдан бастап 2021 жыл аралығында 3 жыл ішінде 75-ке жуық габариті емес үлгіні тасымалдау жоспарланған. "Бүркіт" ТШО кеңейту жобасы аясында 3 арнайы кеме жасау жоспарланған. Бұл - екінші кеме. Оның алдында "Барыс" кемесі осы жылғы 12 мамырда суға жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу