"Б" корпусына кіретін жекелеген қызметшілер аттестациядан босатылды

1301

"Б" корпусына кіретін жекелеген қызметшілер аттестациядан босатылды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымованың айтуынша, "Б" корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілердің биылғы аттестациясы кезінде бірқатар азаматтар біліктілікті тексеруден босатылып отыр, деп xабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Олардың ішінде бала күтіміндегі демалыста жүрген мемлекеттік қызметшілер, аяғы ауыр әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдер, 14 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп жатқан жалғызбасты аналар бар. Сол сияқты жалғызбасты әкелер де аттестациядан босатылады. Сондай-ақ зейнет жасына жақын азаматтар, мемлекеттік қызметте алты айдан аз уақыт істеп жатқандар да аттестациядан өтпейді. Ал демалыстан шыққан қызметкерлер барлығымен бірге аттестацияға қатысады. Олардың демалыс түрі, алған себебі мен мерзімі ескерілмейді", – деді А.Шайымова бүгінгі баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, орталық мемлекеттік органдар деңгейінде - департамент директорлары мен сарапшылар, облыста – мемлекеттік және атқарушы органдарының мамандары, ал аудандарда аудан әкімі орынбасарына дейінгі жетекші мамандар, аумақтық органдардың жетекшілері мен мамандары аттестациядан өтетін болады.

Айта кетейік, бірінші жартыжылдықта ұйымдастырылатын аттестациялау барысында "Б" корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілер заңды білу деңгейіне арналған тесттерді тапсырмайды. Осы жолы олардың кәсіби біліктілігіне баса назар аударылады. Ал шалғай жерде жұмыс істейтін мамандар аттестацияны бейнебайланыс арқылы тапсыра алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу