"Даму" АҚ басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин қызметінен кетеді

897

"Даму" АҚ басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин қызметінен кетеді

"Даму" АҚ басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин 5 қаңтардан бастап қызметінен кетеді. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлайды 7 күн.

"Алдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін 5 қаңтардан бастап "Даму" қорынан кететінімді хабарлаймын. 3 жыл әлемдегі ең топ бизнес-мектепте оқуды шегеріп келдім. Биыл MIT-ке құжат тапсырдым және басқа да жетекші оқу орындарына құжат тапсыруды жоспарлап отырмын. Емтиханға дайындалуға уақыт аз, қаңтардың аяғында алғашқыcын тапсырамын. Бұл шешімді мен өткен жылдың қаңтар айында қабылдап үкімет, "Бәйтерек" холдингі басшыларының келісімін алдым",- деп жазды ол.

Тулеушин "Даму" қорының басшылығына 2016 жылдың ақпан айында тағайындалған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу