"Даму" қоры "Астана-Бизнес" және "Астана Startup" бағдарламаларына 1,5 млрд теңге бөлді

762

"Даму" қоры "Астана-Бизнес" және "Астана Startup" бағдарламаларына 1,5 млрд теңге бөлді

"Даму" қоры мен Астана қаласының әкімдігі "Астана-Бизнес" пен "Астана Startup" бағдарламаларына паритетті түрде 1,5 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды "Даму" қорының баспасөз қызметі.

"Казкоммерцбанк" АҚ қазір 250 млн теңге бірінші траншты алып қойды. 250 млн теңгенің екінші траншы жақын уақытта бөлінеді.

Қалған 500 млн теңге шамамен "АТФ Банк" АҚ, "ForteBank" АҚ, "ВТБ Банк" АҚ арасында бөлінеді.

Қаржыландыру талаптары:

Кәсіпкерлер үшін несие мөлшерлемесі жылына 8,5%. Қарыз 100 млн теңгеге дейін беріледі.

Несие франшиза лицензиясын сатып алуға салалық шектеусіз беріледі. Сондай-ақ негізгі жабдықтарды сатып алу мен жаңартуға, жеке сауда үшін айналым қаражатын толықтыруға мейрамхана бизнесі мен дайын тамақты жеткізіп беру салаларына беріледі.

Несиелеу мерзімі – франшиза салу үшін 7 жылға дейін;

Негізгі жабдықтарды сатып алу мен жаңартуға 7 жылға дейін;

Айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейін беріледі.

"Астана Бизнес" бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер кепілзаты жетпеген жағдайда "Даму" қорының кепілдемесін алуға өтінім бере алады.

Сондай-ақ "Даму" қоры мен Астана қаласының әкімдігі ісін жаңа бастаған кәсіпкерді қаржыландыру үшін "Астана Startup" бағдарламасына паритетті негізде 500 млн теңге бөлді.

"Казкоммерцбанк" АҚ қазір 250 млн теңге бірінші траншты алып қойды. 250 млн. теңгені құрайтын екінші транш жақын уақытта бөлінеді.

Қаржыландыру талаптары:

Кәсіпкерлер үшін несие мөлшерлемесі жылына 7,9%. Қарыз 50 млн теңгеге дейін беріледі.

Қарыз негізгі жабдықтарды сатып алуға және жаңарту мақсатында 84 айға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін беріледі.

Бұл бағдарламалар бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер кепілзаты жетпеген жағдайда "Даму" қорының кепілдемесін ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу