"Денсаулық" пойызының мамандары Маңғыстау облысында жергілікті 2990 тұрғынды тексеруден өткізді, оның ішінде 2124-і бала, деп хабарлайды төтенше жағдай комитеті.
Денсаулық пойызы 2017 жылдың 20 сәуірінен Маңғыстау облысының аумағын аралауды бастады. Кестеге сәйкес, 2017 жылдың мамырының соңына дейін "Денсаулық" пойызы баратын теміржол бойында орналасқан елдімекенде білікті медициналық көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Қазір "Денсаулық" пойызы Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Ералы станциясына келді.
2017 жылдың 20 сәуірі мен 7 мамыры аралығында "Денсаулық" консультативті диагностикалық медициналық пойызында Маңғыстау облысының Тұрыш, Сам, Бейнеу, Ақжігіт, Үстірт, Сай Өтес, 10 разъезд, Шетпе бекеттерінің тұрғындары тексеруден өтті.
Сонымен, барлығы 2990 адам көрінді, оның ішінде 2124-і бала. Тұрышта барлығы 259 адам, Сам станциясында – 175, Бейнеу – 833, Ақжігіт – 523, Үстірт – 327, Сай Өтес – 375, 10 разъезд – 87, Шетпе – 411 адам көрінген.
Төтенше жағдай комитетінің хабарлауынша, пойыз барлық қажетті диагностикалық аппаратурамен жабдықталған және "Апат медицинасының теміржол госпитальдары" АҚ-ның жоғары білікті медициналық кадрлары, нақтырақ айтсақ, 18-ден астам дәрігер маман қызмет көрсетеді.
Елімізді аралап жүрген медициналық пойыздар интернет және телефон жүйесінің бөлінген арналары бар, республикамыздың және ТМД жетекші ғылыми медициналық орталықтарымен on-line режімде науқастарға консультация беруге арналған телемедициналық жабдықпен жарақталған.