"Димаш" брендімен интернет-дүкен ашылды

1321

Алдағы уақытта дүкенде Димаштың шығармашылығына арналған кәдесыйлар да сатылатын болады.

"Димаш" брендімен интернет-дүкен ашылды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің брендімен интернет-дүкен жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Димаш" атты интернет-дүкеннің тауарларын халыққа жеткізу мақсатында бүгін "Қазпошта" АҚ басшылығы мен әншінің әкесі Қанат Айтбаевтың арасында серіктестік туралы келісім жасалды.

"Қазпошта "Димаш" атты интернет-дүкеннің жұмысын алға бастырып, тауарларын тұтынушыларға жеткізуге көмек көрсететін болады. Қазір олар шәй мен киімдер топтамасын шығара бастады. Алдағы уақытта дүкенде Димаштың шығармашылығына арналған кәдесыйлар да сатылатын болады. Димаш Құдайберген - бұл бренд, әлемдік деңгейдегі жұлдыз, біздің елімізді әлемдік сахнада танытып жүрген тұлға", - деп жазды "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов Фейсбуктегі парақшасында.

Сондай-ақ ол жас әншінің интернет-дүкені Қазақстанда және шетелде электрондық сауданың дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген өткен жылдан бері "Қазпоштаның" келбеті болып табылады. Димаш Құдайберген - Витебск қаласында өткен "Славян базары-2015" байқауының Гран-при, MTV Music Awards премияларының иегері, номинациялары: "Азияның ең танымал әншісі", "Халықаралық деңдейдегі ең танымал әнші", "Жылдың ең үздік әншісі" және "Ең танымал шетел әншісі". Димаш Қытайда өткен  Singer-2017  байқауының финалында екінші орын алып, әлемдік деңгейдегі танымалдыққа ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу