Бүгін "E-freight" "Әуе жүк тасымалы саласындағы қағазсыз құжат айналымына арналған ақпараттық жүйені енгізу және бейімдеу" бойынша Қазақстандағы көлікті цифрландыру саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің алғашқы жобасына қол қою рәсімі болды, деп хабарлайды азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Құжатқа ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек және "Transinfotech" ЖШС бірлескен кәсіпорнының бас директоры Мәлік Бердіғалиев қол қойды.
"Жобаның негізгі ерекшелігі ол жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Бюджеттен қаржы қарастырылмайды. Жоба құны – 3,3 млрд теңге. Жоба Қазақстанның барлық халықаралық әуежайларында іске асырылатын болады және келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін "e-freight" ақпараттық жүйесіне иелік ету құқығы мемлекетке тегін берілетін болады", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
"E-freight" әуе жүк тасымалдауды қағазсыз рәсімдеудің және сүйемелдеудің халықаралық стандарты.
Бұл жобаны іске асыру жүк әуе тасымалы құжаттамасын жобалаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді (шамамен 20 құжат қағаздарын электронды форматқа көшіру), жүк әуе ағынын өңдеу уақытын қысқартуға (өңдеу уақытын орта есеппен 1 күннен 1 сағатқа дейін қысқарту) мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүк әуе тасымалдарының және транзитінің тартымдылығын арттырады.