"Эйр Астана" әуе компаниясы 5 ұшақ сатып алады

1057

"Эйр Астана" әуе компаниясы 5 ұшақ сатып алады

"Эйр Астана" әуе компаниясы 5 Embraer E190-E2 әуе лайнерін сатып алуға  AerCap компаниясымен ұзақ мерзімді лизингтік келісімшартқа отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұшақтардың алды 2018 жылдың төртінші тоқсанында жеткізілмек.

"Е2 ұшақтары бұған дейін қызмет етіп келген Е190 ұшақтарын ауыстырады. Е190 2011 жылдан бері Қазақстан ішкі рейстерінде қызмет көрсетуде. Embraer-Е190 Ресей, Кавказ, Орталық Азия, бағыттарында және ішкі рейстерде пайдаланылып жүр. Бәсекелестіктің арта түсуіне байланысты Е2 ұшақтары бізге тасымалдайтын жолаушылар санын арттыруға, әр жолаушы орнын 15 пайыз үнемдеуге мүмкіндік береді деп сенеміз. Осылайша отандық әуе компанияларының ішінде көшбасшылық позициямызды бекіте түспекпіз. AerCap компаниясы бірнеше жылдан бері біздің әріптесіміз болып келеді", - деді  "Эйр Астана" компаниясының президенті  Питер Фостер.

Айта кету керек, алғашқы Embraer-E190 2011 жылы сатылып алынған болатын. Эйр Астана тұрақты рейстерді ұшыруға 2002 жылғы 15 мамырдан бастап кірісе бастады. Қазіргі таңда әуе компаниясында 60-қу жуық рейс орындалады. Әуе флотында Boeing 767-30 0ER, Boeing 757-200, Airbus A320, А320neo, Embraer E190 секілді 31 ұшақ бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу