"Эйр Астана" авиакомпаниясының флоты жаңа ұшақпен толықты

628

 "Эйр Астана" авиакомпаниясының флоты жаңа ұшақпен толықты

"Air Astana" авиакомпаниясының флоты жаңа ұшақ - Airbus A321neo-мен толықты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

"2018 жылды жақсы жаңалықпен бастаймыз. Қазақстанға Pratt & Whitney қозғалтқышымен жабдықталған жаңа буынның алғашқы ұшағы - Airbus A321neo келді. Ұшақтың бизнес-класс салонында - 28 және эконом-класында - 151 орын бар және ол дербес ойын-сауық мониторлармен жабдықталған. Жаңа Airbus өндіруші-зауыттан жеткізіліп, Қазақстан ішінде және шетелге ұшатын болады", - дейді компанияның баспасөзінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу