"Эйр Астана" ұлттық әуе компаниясы қазақстандық студенттер мен оқытушылардың Крэнфилд университетіндегі аэроғарыштық бағдарламасы бойынша арнайы курстарға баруын қамтамасыз етпек. Осылайша, 6-13 тамыз арасынд 36 студента пен 6 оқытушыдан тұратын делегация Лондонға жеті күндік семинарға тегін ұшып барып келеді, деп хабарлайды aikyn.kz.
Ұлыбританияға ұшар алдында студенттер EXPO – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі "Эйр Астана" стендін тамашалады. Онда әуежолында тиімділікті арттырып, жанармай шығынын азайтатын технология түрлері қойылған. Көрме барысында студенттер компания өкілдерімен кездесіп, Батыс Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға ұшу кезіндегі ауаға бөлінетін көміртек қалдықтарын азайтудың жолдарын іздестіруге топтық тапсырма алды.
"Эйр Астана" АҚ президенті Питер Фостер әуе компаниясының өз қызметкерлерін оқытумен, іріктеумен үздіксіз айналысып келе жатқанын, ал мектептегі, жоғары оқу орнындағы жас таланттарға ерте кезден көңіл аудару керек екенін айтты.
"Крэнфилд – аэроғарыштық технологиялар саласындағы әлемдегі алдыңғы қатардағы университет. Біз 36 студентіміздің онда уақыттарын тиімді өткізіп, Крэнфилд университетіндегі оқудан пайдалы тәжірибе жинайды деп үміттенеміз", – деді ол.
Студенттер Қазақстанның 14 аймағынан және Астана, Алматы қалаларынан арнайы іріктеу нәтижесінде таңдалған. Іріктеу елордада өтті. Олар Ұлыбританияда аэроғарыштық технологияларды үйренуге байланысты бір топ шараларға қатысады. Арнайы курстың бағдарламасына авиация ғылымы мен технологиялары бағдарламасының басшысы Гай Грэттонның, аэродинамика мен борттық өлшеу бағдарламасының профессоры Ник Лоусонның, сонымен қатар авиация индустриясындағы әлемге әйгілі лекторлар мен профессорлардың лекциялары кіреді. Студенттер бағдарламаның тәжірбиелік бөлімінде аэродинамикалық құбырға ұшып барады, Boeing 737-400 әуе кемесін және де әлемдегі ең үлкен Airlander 10 дирижаблін (ұшатын Ұлттық лабороториялық орталық) тамашалайды.
Аталмыш бағдарлама Әділет министрлігінің, Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, Назарбаев университеті мен "Эйр Астана" әуе компаниясының бастамасымен жүзеге асып отыр. Студенттер мен оқытушыларға Лондонға ұшар алдында Астанадағы британ елшілігі қабылдауында құрмет көрсетті. Сондай-ақ оларды Лондонда Қазақстан елшілігі қабылдайды.