"ЭКСПО-2017" көрмесінің бірқатар павильоны музей болып сақталады

737

"ЭКСПО-2017" көрмесінің бірқатар павильоны музей болып сақталады

Көрменің ресми жабылуында сөз алған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Әлем" ұлттық павильоны мен тағы да бірқатар павильондар "ЭКСПО-2017" көрмесінің мұрасы және музей болып сақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды elorda.info.

Сонымен қатар "Астана" халықаралық қаржы орталығы көрме аумағында жұмыс жүргізетін болады. "Халықаралық қаржы орталығы қаржы хабы болып, инвестиция тарту орталығы мен үздік қаржы жүйесі болуы керек. Құрылған жасыл технологияларды дамыту бойынша халықаралық инвестиция орталығы жасыл технологияларды дамытудың жаһандық тынысына серпін береді. IT стартаптардың халықаралық технопаркі IT кәсіпкерлері мен әлемнің инвесторларын тартатын алаңға айналады. Осылайша, "ЭКСПО-2017" көрмесінің көрме кешені инновациялық тұрақты даму бағытына үлес қосып, жаңа орталықтардың жұмысында бәрін де белсенді серіктестікке шақырады. Осымен халықаралық көрмені жабық деп жариялаймын. Үлкен көрменің құрылысы бар-болғаны үш жылда салынды. Қаланың үлкен ауданы, ең көркем ауданы салынды", — деді Президент. Көрмеге үш айдың ішінде шамамен 4 миллионға жуық адам келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу